Түркістан Ахмет Ясауи колледжінің акт залында Жастар ресурстық орталығы мамандарының қатысуымен білім алушылар арасында «Отбасы құндылықтары және неке» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында отбасының қоғамдағы рөлі, некенің маңыздылығы, отбасындағы сыйластық, жауапкершілік пен өзара түсіністік мәселелері қозғалды. Сонымен қатар жастарға отбасылық құндылықтарды құрметтеу, отбасын құруға саналы түрде дайындалу және берік отбасылық қарым-қатынас қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Отбасы – сыйластық пен сүйіспеншіліктің, татулық пен тәрбиенің бастауы!

Comments are closed