Ахмет Ясауи кәсіби колледжі кітапханасында ЕТБ-0922-2 тобының студенттерінің қатысуымен қазақ әдебиетінің классигі, XX ғасырдың ұлы суреткері, көрнекті қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай «Ғабит Мүсірепов – үлкен дарын иесі» атты еске алу кеші өтті.

Кеш «Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек»,- деп З.Қабдоловтың сөзімен басталып, «Сөз зергері» өлеңі оқылды. «Не? Қайда? Қашан?» викториналық ойын ұйымдастырылып, Ғабит Мүсіреповтің өмір жолы мен шығармашылығы жайында берілген сұрақтарға жауап алынды. «Ер ана», «Ананың арашасы», «Ақлима» сынды аналар тақырыбына арналған еңбектеріне қысқаша шолу жасалды.

Слайд арқылы Ғабит Мүсірепов туралы қызықты деректер айтылып, нақыл сөздері талқыланды.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *