Ахмет Ясауи Колледжінде білім алушыларға арналып «Жаңа жыл-жаңа өмірдің жаңа жыры!» атты мерекелік іс-шарасы студенттік директорат ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен Акт залында өтілді.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру” бөлімінің арнайы пән оқытушысы М.Жұманованың ұйымдастыруымен өтілген колледжішілік «JASSKILLS GRAPHIC DESIGNER» байқауында графикалық дизайн құзіреттілігі бойынша жоғары кәсіби шеберлігімен біліктілігін іс-жүзінде қолданып, желтоқсан айының 28-29 күндері аралығында сарапшылардың қорытынды бағалау нәтижесінде 15 студенттің ішінен 6 студент жоғары ұпай көрсетіп, жеңіске жетті:

1-дәрежелі ДИПЛОМ Раева Гаухар

2-дәрежелі ДИПЛОМ Есенгелді Алихан

3-дәрежелі ДИПЛОМ Қойлыбай Аида 3-дәрежелі ДИПЛОМ Сабырбекұлы Асанға

сый-сияпат табысталып, «Креативті дизайнер» номинациясымен Құдайберген Ернар, «Ізденуші жас дизайнер» номинациясымен Абдуллатегі Мирас колледж директорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс шараға колледж оқытушылары мен білім алушылары қатысты. Көңілді кештің бағдарламасы бойынша ән де, би де, ойын да, көрініс те көрсетіліп, көрермендер көңілі шаттық пен қуаныш сезіміне бөленді. Жаңа жыл құтты болсын!

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *