27 қазан күні Халықаралық аспазшылар күніне орай «Rixos Turkistan» қонақ үйінің бас менеджері Юлдашев Абдулазиз Махаматалиевичпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің «Rixos Turkistan» қонақ үйінде дуальді оқыту бойынша тәжірибеден өтіп жүрген «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығында оқитын бірқатар білім алушылары марапатталды. Атап айтқанда: ТКА-0921 тобы студенттері Талғатұлы Ерсұлтан, Жумадулла Рахманқожа, ТКА-1122 тобы студенттері Нұрман Сабина, Мақсұтхан Көркем, ТКА—0922—2 тобы студенті Абдуллакимова Дилрух.

Студенттерімізге шығармашылық табыс пен үлкен кәсіби жетістіктер тілейміз, әрқашан жоғары нәтижеге ие болыңыздар!

#

Comments are closed