Қараша айының 20-сы күні «Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің апталық іс-шарасы аясында, «Құқықтану» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Г.Қалдыкөзова ЗҚТ-0923-1 тобының студенттеріне «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сот» тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өтті.
Іс-шара Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотында өтті. Сотта Сот төрағасы Сауран Бақтыбек Смағұлұлы,Сот әкімшісінің басшысы Ахшаев Данияр Сарсенбекұлы қатысты. Судья Ата Заңымыздың тарихы туралы, заңдағы баптарды тереңінен түсіндіріп берді.
Қатысушыларға Сот әкімшісінің басшысы Ахшаев Данияр Сарсенбекулы мамандандырылған соттардың құрылымы, қызметі және жұмысы туралы ақпарат беру, заңдарды түсінуге және қолдануға үйрету жұмысы жөнінде түсіндіріп берді. Студенттерге сот ғимаратын аралатып, бүгінгі таңда сотта қолданылып жатқан «Сот кабинеті» сервисімен, мобильді «Сот кабинеті» қосымшасымен, сот отырысы залдарында орнатылған АБТ (АВФ) құрылғыларымен, кеңсе жұмысымен және тағы басқа ақпараттық технологиялармен таныстырды. Іс-шара соңында судья студенттерге алғыс білдіріп, білім алу жолында табыс тіледі.
Comments are closed