2023 жыл 26 мамыр күні “Түркістан Ахмет Ясауи” кәсіби колледж акт залында оқу ордамыздың әлеуметтік әріптесі болып табылатын Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылы “Бөрте Милка” ЖШС-нің завод директоры – Жүнісов Ержан, ферма директоры – Сайманов Сабит, бас маман мал дәрігері – Жүнісалиев Ғанимен кездесу ұйымдастырылды. Кәсіпорын мамандары “Ветеринария” мамандығы бойынша білім алушы студенттерге кәсіпорынның қызметін таныстырды.

Компания кешені озық технологиялы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Өңірдегі таңдаулы роботтандырылған сүт-тауарлы ферма болып саналады. Ферма шведтің DeLaval және голландтық Lely компаниясының технологиясын қолданып соғылған.

Кездесу мақсаты – заманауи инновацияларды өз жұмысында тиімді пайдалану арқылы өз өнімділігін екі есе арттырып отырған кәсіпорынды болашақ мамандармен толықтыру болып табылады. Кәсіпорын ұжымы ферма кешенінде өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан оқу ордамыздың студенттерін жұмыспен қамтамасыз етуге шақырды. Кездесу барысында студенттер өз тараптарынан кәсіби сұрақтар қойып, мамандардан толыққанды түрде тиісті жауаптарын алды.

#

Comments are closed