Наурыз айының 28-і күні «Агроөнеркәсіптік кешен-болашақ кепілі» атты айлық іс-шара аясында «Ветеринария» мамандығының оқытушыларының ұйымдастыруымен колледж түлектерімен кездесу өтті. Кездесуге ТО АШБ «Ветеринарлық қызмет», «ВЕТ ОМИР» ЖШС-де қызмет жасап, М.Ауезов атындағы ОҚМУ жоғарғы оқу орнында оқуын жалғастырып жатқан колледжіміздің үздік түлектері келді. Кездесу барысында түлектер өздерінің қызметтері кезіндегі қиыншылықтар мен қызықтары жайлы бөлісіп, мамандықтың мүмкіндіктері жайлы айтып өтті.

#

Comments are closed