Сәуір айының 11-і күні “Филологиялық” пәндік (циклдік) бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан “Мәңгілік ел -мәңгілік тіл” тақырыбындағы айлық іс-шара аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен “Махаббатымды жеткізген тармақтар ” атты әдеби кеш өтті. Әдеби кештің қонақтары Түркістанда поэзия әлеміне ерекше леп, серпіліс алып келген жас ақындар , “Тармақтар” жобасының авторлары ақын Төлеутай Еламан мен оның өмірлік жары, тележүргізуші, айтыскер ақын Рысгүл Досжанова. Студенттер ақындарымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, поэзияға деген құштарлықтарын арттыра білді.
Іс-шараның мақсаты: халықтың ықыласына бөленіп жүрген ақындарымыздың өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, поэзия түсінігі арқылы кітапқа , поэзия оқуға қызығушылықтарын арттыру.
![](https://tayk.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/436788480_1163574924997877_6141406088155463_n-1.jpg)
![](https://tayk.edu.kz/wp-content/uploads/2024/04/436419682_1163574888331214_651434025563989672_n.jpg)
Comments are closed