Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен “Рәміздер – киелі құндылық” тақырыбында диктант алынды. Диктантқа барша колледжіміздің студенттері қатысты. Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту, студенттерді Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егеменді тәуелсіздігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Сондықтан да әрбір патриотты Қазақстан азаматы ретінде мемлекеттік рәміздер күнін ұлықтауымыз біздің борышымыз.

#

Comments are closed