Веб-дизайн мамандығы бойынша Ахмет Ясауи Колледжінде білім алушылар жазғы сессия барысында демонстрациялық емтихандар тапсыруды бастады. Демонстрациялық емтихандар кезінде студенттер шынайы жағдайға бейімделген практикалық тапсырмаларды орындайды. “Web-ресурстарды құру” пәнінен өткізілген осындай емтиханда студенттеріміз түрлі салада қызмет атқаратын кәсіпкерлік субъектілерінің веб-сайттарын құру, қызмет ерекшелігіне байланысты сайттың түрлі мүмкіндіктерін қарастыру, әлеуметтік желілердегі парқшаларды ашу және жүргізу, тартымдылығын арттыру және т.б. мүмкіндіктері туралы тапсырмаларды орындады. Арнайы комиссия алдында қорғады.

Құрметті мекеме басшылары, кәсіпкерлер! Егер экономикалық-шаруашылық қызметіңіздің тиімділігін арттырамыз десеңіз веб-ресурстарыңызды құра алатын және жүргізетін мамандар бізде бар.

#

Comments are closed