Оқу ордамызда топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен білім алушылар арасында «Менің экологиялық ізім» тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыру және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың маңыздылығын түсіндіру.
Тәрбие сағаты барысында «экологиялық із» ұғымының мәні түсіндіріліп, адамның күнделікті іс-әрекеті мен өмір салтының қоршаған ортаға тигізетін әсері талқыланды. Атап айтқанда, су мен электр энергиясын үнемдеу, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, пластикті шамадан тыс пайдаланбау, табиғатты ластамау және жасыл желектерді қорғау мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар тақырыптық сұрақ-жауап, пікір алмасу және танымдық тапсырмалар ұйымдастырылып, білім алушылар өз ойларын ортаға салды. Қатысушылар табиғатты қорғау – тек белгілі бір шара аясында ғана емес, әр адамның күнделікті өмірінде ұстануы тиіс маңызды қағида екенін түсінді.
Тәрбие сағатының қорытындысында білім алушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты аялауға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақырылды.
Табиғатты қорғау – болашаққа қамқорлық! Әр адамның экологиялық жауапкершілігі таза әрі қауіпсіз қоршаған ортаның қалыптасуына қосылған үлес.

#

Comments are closed