«1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жоспарына сәйкес «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» ерікті акциясы аясында колледждің №3 жатақхана тәрбиешісі С.Абдихадированың ұйымдастырумен жатақхананың ерікті студенттерімен бірге «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында зейнеткер Каликулов Зауржан атаның шаңырағына барып, атаулы мерекемен құттықтап қайтты. Мақсаты: білім алушыларымыздың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Студенттер қарияларға өздерінің дайындап барған жыр-шумақтарын арнап, тілектерін білдірді.

#БіртұтасТәрбиеБағдарламасы

#ҚарттарКүні

#АхметЯсауиКолледжі

#

Comments are closed