Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Қ.Қойлыбеков полиция лейтенанты Б. Мейрханов полиция аға лейтенанты Ш.Сламхан, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев жатақхана тәрбиешісі С.Абдихадирова №3 жатақхана студенттерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты: жасөспірімдер арасындағы, құқық бұзушылықтың, суицид, зорлық-зомбылықтың, интернет аляқтарға түсіп қалмаудың алдын алу болып табылады.

Кездесу барысында студенттерге әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің талаптары түсіндірілді. Әсіресе түнгі мезгілде көшеде немесе ата-анасының рұқсатынсыз ойын сауық орындарында жүрмеу керектігі жайлы студенттермен сұхбат жүргізілді. Сонымен бірге қазіргі қоғамдағы Telegram және WhatsApp арқылы алаяқтық жасалатын қылмыстары талқыланды.

#

Comments are closed