Колледж оқушылары арасында әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ-ы полиция капитаны – Турсынбек Медет және Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ-ы қатардағы полицейі – Аметова Гузалмен кездесу ұйымдастырылды. Құқық бұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ жастар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне тоқталды. Қазіргі таңда жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде мектептерге, колледждерге, жалпы оқу орындарына барып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00 де ойын сауықтарда отыруы, сондай ақ түнгі сағат 23:00 ден кейін көшеде жүруге болмайтынын, түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, сосын айыппұл салынатындығын, егерде осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынатынын айтты. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастардың қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажетті екендігін атап өтті.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *