“2022 жыл – Балалар жылына” және 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай дзюдо күресінен 2006-2007 жылғы туылған жасөспірім қыздар арасында өткен Түркістан облысы чемпионатында 63 келі салмақ дәрежесінде I орынды жеңіп алған үшін оқу ордамыздың 2 курс студенті Бейсембекова Дария Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Қ.Жолдықараевтың дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз! Спорт саласындағы жетістіктеріңіз арта берсін!
No responses yet