Бүгін еліміздегі жас мамандардың кәсіби шеберлігінің маңыздылығы мен құндылығын арттыру мақсатында жыл сайын өткізіліп отыратын «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатына кеткен студенттеріміз бен оқытушыларымызды колледж ұжымы және «Студенттік парламент» ұйымы құттықтап күтіп алды. Республикалық жарыста білімдерін шыңдап және «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша II орынды иеленіп келген білім алушыларымыздың қуанышына ортақтасқан көпшілік ізгі тілектерін жолдап, керемет көңіл күй сыйлады. Үш күн бойы өткен конкурста кәсіби шеберліктерін көрсете білген, тәжірибелерін шыңдап келген студенттерімізге алдағы уақытта үлкен жетістіктер тілейміз! Біз сіздермен мақтанамыз!

#

Comments are closed