“Әлеуметтік және педагогикалық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігі, “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығының оқытушысы С.Каумбаев колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында “Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады” тақырыбында ДТС-0922-1 тобына сабақтан тыс іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту, ой қозғау, оқулықты құрметтей білуге, таза ұстауға, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Іс-шараны өту барысында Алаш қайраткерлерінің бар арманы – ұлттық кітапхананы ашу арқылы көркем әдебиет – жастардың сана сезімін тәрбиелеуге бағыттайтынын айтып, Ж.Молдағалиевтің “Мен қазақпын” поэмасы, қазақ әдеби тілінің негізін салушы – А.Құнанбаев, қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға – Ы.Алтынсариннің шығармаларына тоқталды.
Әлемдік ұтқыр құндылықтар мен асылдарды дер кезінде игере отырып, ұлттық болмысымыздың ұтқырлығын жаңаша оздыра түсу үшін оқу қажет. Ендеше кітапты түпнұсқадан оқуды ешбір техника да, технология да алмастыра алмайды.
No responses yet