“Гуманитарлық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінде 2023 ж.22-28.02. аралығында өтілетін “Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді” тақырыбындағы апталық іс-шара жоспары бойынша бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен колледж оқытушылары арасында оқу ғимаратының 207-аудиториясында “ШАХ-МАТ” әдіс алмасу сабақтан тыс іс-шарасы өтілді.
Аталмыш іс-шараға тәжірибелі мамандар мен жас мамандарымыз да қатысты.
Іс-шара барысында сайыстың шарттары мен ережелері оқытушыларға түсіндірілді. Қатысушылар 2 командаға бөлініп, олар өз топтарының атауларымен таныстырып өтті. Атап айтсақ, “Ясауи тарландары” мен “Жалынды жастар” командасы.
Іс-шараның мақсаты – оқытушылар топаралық сайыста, ой икемділігімен тұлғалық тапқырлық қарым қатынасты арттыру және білімдерін одан әрі шыңдай түсу.
Оқытушыларға бейнебаян көрсетіліп, оларға “Әлемді таны”, Жалау”, “Зейін”, “Қызықты география”, «Көш» ойындары жүргізіліп, сергіту сәті ретінде “Кедергілерден өту”, “Өрмекші торы”, “Смайлик арқылы өлеңді тап” жаттығулары орындалды.
Оқытушылар арасында өтілген интеллектуалды сайыс қорытындысы бойынша қатысушы командалар ішінен жоғарғы ұпай көрсетіп, белсенділік танытқаны үшін тәжірибелі мамандар “Ясауи тарландары” және жас оқытушыларымыз “Жалынды жастар” колледж директорының алғыс хатымен марапатталды.
Іс-шара соңында сайысқа қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сайыстың қызықты өткендігімен, өздерін жаңа қырдан көре алғандықтарын айтып өтті.
Жоспарланған іс-шара толық көлемде орындалып, сайыстың мақсатына – өздерінің педагогикалық қабілеттерін шыңдай білді.
Comments are closed