Бүгін Астанада бір аптаға созылған “WorldSkills Kazakhstan 2023” кәсіби шеберлік чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан (Астана, Алматы және Шымкент) келген техникалық және кәсіптік білім саласының үздік командалары мықтыларды анықтады. Осы байқауда “Мобильді робототехника” құзыреттілігі бойынша Түркістан облысының намысын қорғаған Ахмет Ясауи Колледжінің командасы жүлделі 2-ші орынға ие болып, күміс медальді жеңіп алды.
Команда мүшелері, колледжіміздің студенттері Сейдулла Нұр мен Тұрсынхан Қанатты және жетекшісі Бақытжамал Мамбетованы жеңістерімен құттықтаймыз!

#

Comments are closed