Қараша айының 25-і күні «Агроөндірістік» пәндік-циклдік комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Ауылшаруашылығын цифрландыру – уақыт күттірмейтін іс» атты айлық іс-шарасы аясында С.Арихова ВЕТ-0921 тобына «Өсімдік және жануар текті өнімдеріне ветеринарлық-санитарлық зерттеулер жүргізу» пәнінен «Сүттен орташа сынама алу және органолептикалық жолмен зерттеу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: сүтті органолептикалық (түсі, иісі, дәмі) жолмен зерттеу, сапалы және адам денсаулығына зиян келтірмейтін сүтті анықтау, сүттің құрамының өзгеру себебін меңгерту.
Comments are closed