«Адал Азамат» біртұтас тәрбие жоспары аясында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде тағылымы мол кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің басшысы Өміртаева Жансая Ержанқызы, «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің инспекторы Аманбек Нұрбол Асқарұлы, директордың орынбасары Ш.Надирбаев және колледж студенттері қатысты.
Кездесу барысында жастар арасында тәртіпті сақтау, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, өзара сыйластық пен ынтымақты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Мамандар студенттерге қоғам алдындағы жауапкершілік, салауатты өмір салты және жастардың белсенді азаматтық ұстанымы жөнінде ой бөлісіп, пайдалы кеңестер берді.
Сонымен қатар, қатысушылар еркін пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Мұндай кездесулер жастардың рухани дамуына серпін беріп, бірлік пен татулықты насихаттауда маңызды рөл атқарады.
Тәртіп пен ынтымақ — жарқын болашақтың кепілі!

Comments are closed