Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Ел-жұртынан айрылған жаман екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,

Мына заман қай заман? Бағы заман,

Баяғыдай болсайшы тағы заман…

2023 жылдың 21 желтоқсанында Гуманитарлық пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан айлық іс-шара жоспарына сәйкес оқытушылар Г.Тлеубаева мен Т.Шәмшат ЕТБ-0922-2, ЕТБ-0922-3 топтарына «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына 300 жыл толуына орай «Тарихты білу, ұрпаққа парыз» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Білім алушылар қазақ жерінің,қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті – Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы, қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған қайғылы кезең жайлы мағлұмат алды.

#

Comments are closed