2023 жылы желтоқсанның 15-і күні колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік-ұлы мереке» атты кітап көрмесі өтті.

Мақсаты: студенттерге желтоқсан қаһармандарының тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі ету, еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолына қысқаша шолу жасап, өскелең ұрпақты қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрмеге «Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан» және «Тәуелсіздік жетістіктері» деп аталатын екі бөлім бойынша кітаптар мен фотосуреттер қойылды.

Көрме-сұрақ-жауап /викторина/ әдісімен өтті және Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының жетістіктері таныстырылып, ЗҚТ-0923-1 тобының студенті Құрманбай Мерей М.Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңін мәнерлеп оқыды.

#

Comments are closed