2026 жылғы 19 сәуір күні Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің №3 жатақхана студенттерінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық сенбілігі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Сонымен қатар, әрбір азаматтың қаламыздың көркеюі мен тазалығына өз үлесін қосуына ықпал ету көзделді.
Сенбілік барысында колледж жастары жатақхана аумағын тазалап, су ағатын арықтарды қоқыстан арылтып, жалпы тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің белсенді қатысуымен өтті. Мұндай игі бастамалар жастардың жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін қалыптастырады.

#

Comments are closed