Ахмет Ясауи Колледжінің 2022 жылғы түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өтті. Биыл оқу орнын 300-ге жуық білім алушы тәмәмдады. Салтанатты шараға үздік диплом иегерлері, WorldSkills-2022 облыстық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, білім байқаулары мен спорттық жарыстарда топ жарғандар, колледж қабырғасында өзін белсенді танытқан бітірушілер шақырылды.
Диплом табыстау рәсімін Ахмет Ясауи Университетінің академиялық істері жөніндегі вице-ректоры Элмира Қайсарбайқызы Идрисова салтанатты ашып, түлектерге құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, іс-шараға биылғы түлектерді жұмысқа қабылдаған мекеме басшылары мен өкілдері шақырылды. Атап айтқанда:
🔸 Түркістан қалалық ветеринария бөлімі МКҚК басшысы – Момбеков Әбілқайыр;
🔸 Түркістан облысының Әділет департаментінің өкілдері – Бейсебек Гүлсезім, Құралай Мырзатаева;
🔸 “КӘУСАР” шайханасының басшысы – Абиева Қатира;
🔸 “RIXOS TURKISTAN” қонақ үйі ресторанының шеф-повары – Ахметшин Марат;
🔸 Облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы – Төлебаев Ерасыл.
20-дан астам түлегіміздің практика барысында білікті маман ретінде білімі мен қабілеттерін көрсетіп, осы мекемелерге жұмысқа қабылданғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Жұмыс берушілер жұмысқа қабылданған түлектерге дипломдарды өздері табыстады.
Кеш соңы түлектерге арналған мерекелік іс-шараға ұласты.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *