Жаңа жыл қарсаңында Ахмет Ясауи университетінің ректоры Жанар Аманкелдіқызы Темірбекова педагогикалық еңбек жолында жеткен жетістіктері үшін «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің бір топ ұстаздарын арнайы төсбелгімен марапаттады.

Халқымыздың ұлы батыры Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді…

Өмірге ұрпақ беретін аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.

Марапаттарыңыз құтты болсын, құрметті ұстаздар!

#

Comments are closed