Қараша айының 23-і күні «Бағдарламалау және дизайн» пәндік циклдік комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан айлық іс-шара жоспарына сәйкес КДН-0923 тобына оқытушы Жорахан Гүлнұр «Информатика» пәнінен «Веб-бетке арналған графика» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты: Сурет файл форматтары арасындағы айырмашылықты түсіндіру, графикалық файлдарды түрлендіру қажеттілігін түсіндіру, Paint растрлық графикалық редакторлардың көмегімен растрлық суреттерді құру, өңдеу және сақтау әдістерін үйрету.

Графикалық файл форматтары мен олардың мүмкіндіктерін білу веб-бетке арналған графикамен жұмыс істеуде, компьютерлік графикалық дизайнға суреттер дайындауда негізгі факторлардың бірі болып табылады. Студенттерге веб-бетке арналған графикамен алдағы уақытта жұмыс істеу үшін бағыт-бағдар берілді.

#

Comments are closed