• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №340
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - ЖМ: 8:00 AM - 19:00 PM

Worldskills стандарттары бойынша емтихандар өткізілуде

Янв 17, 2023 Жаңалықтар

Осы аптада Ахмет Ясауи Университетіне қарасты Ахмет Ясауи Колледжінде қысқы сессияның сынақ-емтихандары басталды. Сессия барысында болашақ мамандардың еңбек нарығының сұранысына сәйкес білім дағдыларын терең меңгеруін қамтамасыз ету мақсатында арнайы пәндер мен кәсіби модульдерден WorldSkills стандарттары бойынша емтихандар ұйымдастырылуда. WorldSkills стандарттары дегеніміз — нақты өндіріс жағдайына қатысты практикалық тапсырмалар мен жобалар жиынтығын білдіреді.

«Графикалық дизайн» кәсіптік модулі бойынша студенттеріміз кешеден бастап демонстрациялық емтихан тапсырмаларын орындауда. 2 модульден тұратын тапсырмаларды орындау үшін студенттер Adobe Photoshop, Illustrator, Indesign бағдарламаларын пайдаланады. Алғашқы модульде бағдарламашы-студенттеріміз сауда маркасын және жарнамалық брошюраны дайындаса, екінші модуль бойынша Интернет-дүкеннің дизайнын және сауда брендіне жарнамалар жасау тапсырмаларын орындайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *