Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде 2026–2027 жаңа оқу жылы салтанатты түрде басталды.
Биыл колледжімізге 570 білім алушы қабылданып, жаңа оқу жылында жалпы саны 1600-ге жуық білім алушы білім жолын жалғастыруда. І курсқа қабылданған студенттерді колледж ұжымы ерекше ықыласпен қарсы алып, жаңа білім алушыларға арналған салтанатты қабылдау шарасы ұйымдастырылды.
Жаңа оқу жылында білім алушыларға өз саласын жетік меңгерген, тәжірибесі мол, білікті оқытушылар дәріс беріп, олардың кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған сапалы білім беру үдерісі жалғасады.
Колледжде теориялық білім мен тәжірибелік дайындықты ұштастыруға, заманауи мамандықтарды меңгеруге және еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуға барлық жағдай жасалған.
1600-ге жуық білім алушы үшін жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы.
Барша білім алушыларымыз бен ұстаздарымызға жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, білім мен ізденіс, жарқын жетістіктер тілейміз!
Қош келдіңіздер, І курс білім алушылары!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Comments are closed