19 мамыр күні оқу орнымызда топ жетекшілері 1–2 курс білім алушыларына арналған «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға жазғы демалыс кезеңінде кездесуі мүмкін қауіп-қатерлер туралы түсінік беру, төтенше жағдайларда дұрыс әрі жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту болды.
Тәрбие сағаты барысында жаз мезгілінде орын алуы ықтимал қауіпті жағдайлар, қауіп туындаған кездегі дұрыс әрекет ету жолдары және сақтық шараларын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар білім алушыларға жауапкершілік танытып, қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстанудың маңыздылығы айтылды.
Шара аясында қоғамдық орындарда, су айдындарында және жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша кең көлемде ақпарат берілді. Білім алушыларға өз өмірі мен денсаулығына ұқыптылықпен қарау, жазғы демалысты қауіпсіз әрі тиімді ұйымдастыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тәрбие сағаты білім алушылардың өмір қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыруға және жазғы демалыс уақытын саналы әрі қауіпсіз өткізуге бағытталды.

Comments are closed