Түркістан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы және «ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты КеАҚ-ның 2026 жылғы 05 мамырдағы № пр-612 хатына сәйкес, оқу ордамызда «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бірыңғай жеке қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шара оқу орнымыздың топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен өтіп, білім алушыларға жазғы демалыс кезеңінде сақталуы тиіс қауіпсіздік талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Сабақ барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері, жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігі, өрттің алдын алу шаралары, табиғат аясындағы қауіпсіздік талаптары және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту, сондай-ақ жазғы демалыс уақытында орын алуы мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу.

#

Comments are closed