Оқу ордамызда студенттер арасында «Ғаламтор, әлеуметтік желілердегі теріс діни идеологиялардың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Еламан Қыдырбай және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Надирбаев қатысты.
Іс-шара барысында ғаламтор мен әлеуметтік желілерде таралатын теріс діни идеологиялардың негізгі белгілері, жат діни ағымдардың жастар санасына ықпал ету тәсілдері және олардың қоғамға төндіретін қауіптері туралы түсіндірілді.
Студенттерге күмәнді діни ақпараттарға сыни көзқараспен қарап, ақпараттың дереккөзі мен мазмұнын саралай білу, діни мәселелер бойынша тек ресми ақпарат көздері мен білікті мамандарға жүгіну қажеттігі айтылды. Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және теріс идеологиялардың ықпалына түспеудің маңыздылығы атап өтілді.
📌 Саналы таңдау мен ақпараттық сауаттылық – қауіпсіз қоғамның негізі.

#

Comments are closed