«PROFМарафон: МЕЙІРІМ» әлеуметтік жобасы аясында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің «Аспазшы» мамандығының студенттері мен ұстаздары Түркістан қаласының тазалығы мен көркеюіне күн сайын үлес қосып жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсетті.
Игі шара барысында қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлерге сусындар мен тағамдар ұсынылып, олардың елеулі еңбегіне шынайы алғыс білдірілді.
Қаламыздың ажары мен тазалығы – көзге көріне бермейтін тынымсыз еңбектің нәтижесі. Осындай жауапты қызмет атқарып жүрген жандардың еңбегін бағалау, оларға ізет пен қолдау білдіру – жас ұрпақ бойында еңбекқорлық, мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңызды көрінісі.
Еңбекті бағалау – адамды бағалау. Ал мейірім – жүректен жүрекке жететін ең үлкен алғыс. ❤️

#

Comments are closed