2026 жылдың 1 қазанында колледжімізде 1-курс білім алушыларының қатысуымен «Достыққа бір қадам!» тақырыбында тренинг-кездесу өтті.
«ДосболLIKE» акциясы және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – білім алушылар арасында достық, өзара сыйластық, сенім мен қолдау құндылықтарын нығайту.
Тренинг барысында студенттер түрлі психологиялық жаттығулар мен топтық тапсырмаларға белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесуді колледждің әлеуметтік педагогы А.Тураева ұйымдастырып, білім алушыларға достық қарым-қатынас, өзара түсіністік пен қолдаудың маңыздылығы жөнінде кеңестер берді.
Достық – бір қадамнан, ал бірлік – өзара сыйластықтан басталады!

Comments are closed