Сән әлемінде өз қолтаңбаңызды қалдырып, ұлттық құндылықтар мен заманауи трендтерді үйлестіре отырып, ерекше туындылар жасауды армандайсыз ба? Ендеше, «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі сізді «Киім дизайны» мамандығы бойынша білім алуға шақырады!
Бұл мамандықта студенттер киім үлгісін жобалау, сәндік композиция құру, мата таңдау, ұлттық нақыштағы заманауи образдар әзірлеу және тігін шеберлігін меңгеру бағытында кәсіби білім мен практикалық дағдыларды игереді.
Бейнематериалда көрсетілген эксклюзивті ұлттық образдар – біздің студенттердің шығармашылық ізденісі мен «Киім дизайны» мамандығы бойынша алған білімінің нақты нәтижесі. Әрбір жұмыс ұлттық болмыс пен заманауи сән бағытын ұштастыра отырып жасалған.
Өз талантыңызды дамытып, сән әлеміндегі болашағыңызды бүгіннен бастаңыз!
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі – шығармашыл жастардың кәсіби биікке бастар жолы!

#

Comments are closed