Колледжімізде Ұлы Жеңістің рухын ұлықтауға арналған «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты патриоттық кеш өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – студент жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, батыр бабаларымыздың ерлік жолын дәріптеу, елдік пен бірліктің, батылдық пен қайсарлықтың мәнін түсіндіру.
Кеш барысында Ұлы Жеңіс жолында жанқиярлық ерлік көрсеткен ардагерлеріміз бен батыр бабаларымыздың өнегелі өмірі еске алынды. Студенттерге бейбіт өмірдің қадірі, ел тарихына құрметпен қарау, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты биік ұстау туралы тағылымды ойлар айтылды.
Патриоттық кеш жас ұрпаққа ерліктің ешқашан ұмытылмайтынын, батырлар рухының халық жадында мәңгі сақталатынын ұғындыруымен ерекшеленді.
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа аманат.
Ұлы Жеңістің рухы ұрпақ санасында мәңгі жаңғыра бермек!

Comments are closed