1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарияға құрмет – ұрпаққа міндет» тақырыбында әлеуметтік бағыттағы игі іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, қарт тұрғындарға қолдау білдіру, жастардың бойында ізгілік, мейірімділік, қамқорлық пен үлкенді сыйлау құндылықтарын қалыптастыру.
Оқу ордамыздың ерікті жастары қарт тұрғынның үйіне арнайы барып, тұрмыстық жұмыстарға көмектесті. Ауласын ретке келтіріп, күнделікті шаруаларына қолғабыс көрсетті. Сонымен қатар, қариямен жылы әңгімелесіп, ақыл-кеңесін тыңдап, ізгі тілектерін білдірді.
Шара барысында жастар үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі екенін терең түсініп, қарттарға қамқорлық жасаудың маңызын сезінді. Қарияның батасын алып, ақжарма тілегіне бөленген еріктілер үшін бұл күн ерекше әсерлі сәттерге толы болды.
Осындай игі бастамалар арқылы жас ұрпаққа адамгершілік пен мейірімділік, үлкенді сыйлау, қамқорлық пен әлеуметтік жауапкершілік құндылықтары дәріптеледі.
Қариясын құрметтеген елдің қазынасы мол. Қарттарға қамқорлық – баршаға ортақ парыз әрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын ізгі дәстүр. 🤍

Comments are closed