1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай оқу ордамыздың топ жетекшілері «Қарты бардың – қазынасы бар» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты – білім алушыларға қарттарды құрметтеудің, үлкенді сыйлап, ізет көрсетудің маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.
Іс-шара барысында білім алушылар қарттардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі туралы ой бөлісіп, ата-әжелеріне деген жылы лебіздерін білдірді. Тәрбие сағаты тағылымды әңгімелермен, мақал-мәтелдермен және ізгі тілектермен жалғасын тапты.
Білім алушылар үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі екенін түсініп, қариялардың ақыл-кеңесі мен батасының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды.
Қариясын құрметтеген елдің берекесі артып, ұрпағы өнегелі болады. Қарттарымыз аман болып, әр шаңыраққа ақ батасын беріп, ортамызда әрдайым қадірлі болып жүре берсін! 🤍

Comments are closed