Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде өндірістік оқыту шеберінің орны ерекше. Шебер – білім алушыға мамандықтың қыр-сырын үйретіп, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға бағыт беретін кәсіби тәлімгер.

«Шебердің бір күні» жобасы аясында өндірістік оқыту шеберлерінің күнделікті қызметі, білім алушылармен жүргізетін тәжірибелік жұмыстары және кәсіби шеберлікті қалыптастырудағы еңбегі насихатталды.

Шебердің әрбір сабағы – болашақ маманның кәсіби қалыптасуына жасалған маңызды қадам. Білікті шебердің тәжірибесі мен еңбегі арқылы студенттер өз мамандығына деген жауапкершілікті, еңбекқорлықты және кәсіби дағдыларды меңгереді.

Шебер еңбегі – сапалы маман даярлаудың негізі!

#

Comments are closed