Студенттер күніне орай
«Бағдарламалау және информатика»
пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің “Digital Skills Week: Білім. Дағды. Инновация”
тақырыбында өтетін апталық іс-шарасы аясында колледжіміздің арнайы пән оқытушылары С.Бектембаева, Н.Тұрарбектің және жастар ұйымының ұйымдастыруымен білім алушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастыру мақсатында ерекше іс-шара өткізілді.
Мерекелік күн барысында студенттерге тәтті шоколадтар таратылып, естелік суреттерге арналған әсем фотозона ұйымдастырылды. Сонымен қатар, гитараның сүйемелдеуімен әсем әндер шырқалып, студенттік шақтың сәнін келтірген ерекше әрі жылы атмосфера қалыптасты. 🎸
Шағын ғана сыйлықтар мен шынайы көңілден шыққан әуендер студенттерге қуаныш сыйлап, мерекелік күнді ұмытылмас сәттерге толтырды.
Әрбір студенттің арманы асқақ, мақсаты айқын, қадамы нық болсын! Жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден шаттық кетпесін!
❤️ Студенттік шақ – өмірдің ең қызықты әрі қайталанбас кезеңі!

Comments are closed