«Филология әлемі: Көне жазудан жасанды интеллектке дейін» атты айлық аясында студенттердің әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сөз өнеріне деген құрметін қалыптастыру мақсатында «Жас ақынның жыр әлемі» атты әдеби кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кештің құрметті қонағы – жас ақын Бауыржан Ерман Мейірханұлы.
Тағылымды жүздесу барысында ақынның шығармашылығы, өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері, поэзияның адам өміріндегі орны мен рухани құндылығы кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, жас ақын өзінің жүрекжарды жырларын оқып, шығармашылық жолы мен әдебиет әлеміндегі ізденістері туралы ой бөлісті.
Кездесу студенттерге ерекше рухани әсер сыйлап, олардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға, поэзияны тереңірек түсініп, сөз өнерін бағалай білуге ықпал етті.
Өлең – жүректің үні, поэзия – рухтың қанаты! Жас ұрпақтың жыр әлеміне жасаған әрбір қадамы шығармашылық шабыт пен ізгілікке толы болсын!

#

Comments are closed