Оқу ордамызда «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясындағы іс-шаралар бастау алды. Акцияның алғашқы күні «Кәсіпорын – колледж» серіктестігі күні тақырыбында ұйымдастырылды.
Басты мақсат – колледж бен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты нығайтып, еңбек нарығының нақты сұранысына сай білікті мамандар даярлаудағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындау.
Алғашқы күн аясында әлеуметтік серіктестермен кәсіби кадр даярлау, білім алушылардың өндірістік практикасын ұйымдастыру, дуальды оқытуды дамыту, кәсіпорындардың кадрлық қажеттілігін анықтау және түлектерді жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ алдағы кезеңдегі бірлескен жұмыстарды жүйелі жүргізу бағыттары қарастырылды.
«Өндірістегі 10 күн» акциясы өндірістің нақты сұранысын зерделеп, жұмыс берушілердің талаптарын білім беру бағдарламаларының мазмұнымен ұштастыруға бағытталған. Бұл – білім алушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіріп, еңбек нарығына дайын маман қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды қадам.
🤝 Колледж мен кәсіпорынның берік серіктестігі – сапалы маман даярлаудың негізі!

#

Comments are closed