2026–2027 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес І курс студенттеріне «Отбасымның 5 құндылығы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингті колледж психологтары Б. Бекенова мен Т. Шәмшат ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың бойында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, жанұя мүшелері арасындағы жағымды қарым-қатынасты, өзара сенім мен сыйластықты нығайту, бір-бірін тыңдай білуге баулу және отбасының адам өміріндегі ең маңызды тірек екенін ұғындыру.
Тренинг барысында студенттер отбасы туралы өз ойларымен бөлісіп, отбасы – рухани жылулық пен қолдаудың, мейірім мен жан тыныштығының мекені, өмірдегі ең маңызды құндылықтардың бірі екенін атап өтті.
Әуенді терапия мен медитация әдістері арқылы білім алушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, «Отбасы ағашына» отбасындағы басты құндылықтарын жазды. Студенттер үшін сүйіспеншілік, сыйластық, сенім, қамқорлық және бірлік отбасының берік негізі ретінде айқындалды.
Осындай тағылымды тренингтер жастардың отбасына деген құрметін арттырып, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

#

Comments are closed