Желтоқсан айының 6-сы күні “Филологиялық” пәндік циклдік коммисия бірлестігінің оқытушылары Т.Мырзабек, Ә.Ысқақтың ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында АПФ форматында «Мектеп бағдарламасында 1-сыныптан орыс, ағылшын тілдерін оқытқан дұрыс па?» тақырыбында дебат өтті.
Дебаттың мақсаты: Студенттердің қоғамдағы білім беру мәселелері мен ресурсы туралы ақпараттық тұрғыда ой қозғау. Сонымен қатар сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту.
Сайыс екі фракция, яғни ҮКІМЕТ және ОППОЗИЦИЯ ұстанымдары негізінде өткізілді.
Өз ойын айқын нақты жеткізе білгені үшін «Ең үздік сөз шебері» ретінде дараланған ЗҚТ-0923-2 тобының студенті Жалғасбай Сонгүл және өз фракциясын алға бастап, өзінің сауатты аргументімен ерекшелене білген «Ең үздік лидер» ретінде дараланған ЕТБ-0923-4 тобының студенті Нұрхазым Қарақат марапатталды. Басқа да қатысқан студенттер сыйлықтар мен құттықтаулар алды.
Comments are closed