2022-2023 оқу жылындағы «Цифрлық білім: жаңа уақыт-жаңа шешімдер» тақырыбындағы 21-25.11 жұлдызы күндері аралығында өтетін «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің апталық іс-шара жоспарына сәйкес, “Дизайн” мамандығының пән оқытушысы М.Розметованың ұйымдастыруымен «Қаламсап қабын қолжетімді материалдан оңай жолмен тігу әдістері» атты тақырыбында білім алушыларға шебер сынып өтті.
Іс-шарада қаламсап қабын Pinterest программалары арқылы таңдау және машина тігістерін меңгеру, сонымен қатар дайын болған бұйымның шығынын есептеу үйретілді
No responses yet