2022 жылы 24 қараша күні сағат: 11:00-де Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ-нің ұйымдастыруымен “Ахмет Ясауи кәсіби” колледж студенттерімен “Қазақтану” жобасы аясында “Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрыптары” тақырыбында кездесу өтілді.
Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлерін этнос өкілдеріне насихаттау арқылы жастардың патриоттық рухын көтеру, еліміздегі татулық пен ынтымақтың бір толқында екенін көрсете білу.
Аталмыш іс-шараға модератор Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманы Оралбеков Тимур Құрбанұлы мен спикерлер “Қазақстан жобасын жүзеге асыруда өңірдегі этнос жастарының үлесі” тақырыбында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ-нің басшы орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы, “Әділеттік қоғамдағы ұлттық бірегейлік мәселелері” тақырыбында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ардагер ұстазы, филология ғылымдарының докторы, профессор Садықов Сейдулла Садықұлы, “Этносаралық татулықты қамтамасыз ету болашақ кепілі” тақырыбында Түркістан облысы ҚХА жанындағы медиация кеңесінің мүшесі, медиатор Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы және “Өзбекәлі Жәнібеков және Қазақтану институтының еңбектері” тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты Адырбек Баян Садыққызының баяндамалары тыңдалып, еркін форматта ұсыныс пікірлер айтылды.
Іс-шара соңы “Қазақтану” жобасы аясында колледж фойесінде ұйымдастырылған көрмемен таныстырылып, келген қонақтар естелікке суретке түсті.
No responses yet