Бүгін Ахмет Ясауи Колледжіне Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының “Ветеринарлық қызмет” ШЖҚ МКК-ның басшысы Құрманбай Ғани Тұрысқұлұлы мен осы мекеменің жауапты қызметкері Баймбетов Уалихан Абибуллаұлы келді. Оқу ордамызда “ветеринария” мамандығы бойынша білім алушылармен кездесіп, оларға ветеринария саласындағы соңғы жаңалықтарды, аудандардағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат берді. Облыстың ветеринария саласының басшысы колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, болашақта мамандарды даярлау бағытындағы өзара ынтымақтастыққа байланысты ұсыныстарын айтты.
Comments are closed