«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес, “Дизайн” мамандығының оқытушылары Р.Тажиметова, М.Розметованың ұйымдастыруымен “Ана-өмірдің шуағы” тақырыбында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Ашық тәрбие сағатында “Рахмет сізге ана” поэзиясын, “Кешір мені ана” қойылымын, “Ана сен бақыттысың” атты өлеңдерімен оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Аталған іс-шараға КДН-0921 және КДН-1122 топтары қатысты.
Comments are closed