«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» бөлімі, математика пәнінің оқытушысы Ж.Халила ЕТБ-0922-2 тобының студенттеріне «Функцияның крезистік нүктелері мен экстремумдары» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ашық сабақтың мақсаты: Функцияның крезистік және функцияның экстремум нүктелерін табуды үйрету.

Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында функцияның крезистік және экстремум нүктелерін табу үшін анықтамалар берілді, арнайы алгоритм құрылып, көптеген мысалдар келтірілді.

Сабақ барысында оқушылар «Қазыналар аралына» саяхат жасап, «Өткенді ұмытпа», «Шапшаңдық», «Бірлік» аралдарынан өтіп, «Сиқырлы сандықшаларды» ашып, тапсырмаларды орындады. Сабақ кезеңдерінде топ мүшелері біріге отырып, есептер шығарылып, оқушылармен бірге жұмыс жасалды.

Сабақ соңында жасалған кері байланыс оқушы сабақ барысында орындаған тапсырмаларын негіздеп, ойын ашық айта білумен қатар өтілген тақырыптың маңыздылығын көрсете отырып, оқушылар сабақта қойылған мақсатына жетті, жаңа тақырып бойынша функцияның крезистік және экстремум нүктелерін табуды меңгерді.

#

Comments are closed