«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің арнайы пәндер оқытушысы Дадажанова Муниса ЗҚТ 0920-1 және ЗҚТ 0921-1 топтарында 12-сәуір ғылым қызметкерлер күні тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өтті.

Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты:

1. XXI ғасырда адам баласының ғылыми жетістіктері мен ғылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту.

2. Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, кұрметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу.

Аталмыш іс-шараға Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің, “Экономика, бизнес және құқық” факультеті, “Құқықтану” кафедрасының доцент м.а., Phd доктор, Иманбекова Маншук Мажитовна келді. Білім алушылар кәсіби мерекемен құттықтай отырып, сұхбаттасып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.

Бүгінде ғылым адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытудың басты факторына айналды. Ғылым барлық уақытта экономикалық қайта құрудың қуатты ресурсы, ұлттық байлықтың маңызды құрамдас бөлігі, технологиялық прогрестің қозғаушы күші болды. Ұлтымыздың ғылымның заманауи және тиімді жүйесін қолдай білу қасиеті ғылыми жетістіктер санын сөзсіз еселей түсуде.

Ел жастарының қажырлы да қайратты, дені сау ұрпақ болып өсуі өркениетті қоғам үшін өте маңызды.

#

Comments are closed